Бердібек Сапарбаев: Өтініш - бағаны көтермеңіздер

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ірі супермаркеттер мен коммуналдық базарды аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ірі сауда желілеріне, «Табыс» қалалық коммуналдық базарына барды.

«Өтініш - бағаны көтермеңіздер. Керісінше, мереке қарсаңында, әсіресе, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын төмендетіп, халыққа қолдау көрсетіңіздер. Сіздердің сауда үстемелеріңіз 5 пайыздан аспауы тиіс»,- деді Бердібек Сапарбаев.

null 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ірі сауда желілерінің басшылары бұл бастаманы қолдайтындықтарын білдірді. Олар желтоқсан айындағы мерекелер қарсаңында сауда орындарында түрлі акциялар жүргізетін болды. Сонымен қатар, көкөніс, ет, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері, май, макарон, жарма мен басқа да өнімдердің бағасы төмендеді. Жылыжай кешендерінің өнімдері делдалсыз супермаркеттерге жеткізіліп жатыр.

null 

Бердібек Сапарбаев соңғы кезде ақтөбеліктердің әлеуметтік желілерде жекелеген тауарлардың кем өлшенетініне шағымданатындарын атап өтті. 

Сауда үйлерінің басшылары болашақта мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында әрбір супермаркетте тексеру таразыларының қондырылғанын айтты. Өңір басшысы өзінің орынбасары Мавр Абдуллин мен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановқа айтылған мәселелерді  назарда ұстауды тапсырды.

Айта кетейік, «Анвар» және «Дина» сауда желілері қала тұрғындырының 75% азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіп отыр. Бүгінгі күні Ақтөбе облысының тұрақтандыру қорында 1100 тонна картоп, 200 тонна сәбіз, 100 тонна орамжапырақ және 200 тонна пияз сақталған. Бұл өнімдер төмендетілген бағамен сатылады. 

null null null 

Соңғы жаңалықтар