+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев өңірде қашықтан білім беру бойынша жүргізілген жұмыстарды сынға алды

2020 жылғы 2 сәуір 09:07
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев өңірде қашықтан білім беру бойынша жүргізілген жұмыстарды сынға алды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Жамбыл облысы оқу орындарының қашықтан білім беру барысы талқыланды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жуырда Байзақ ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі жергілікті мектептердің біріне бас сұғып, бірқатар жайтқа қаныққан болатын. Ондағы тозығы жеткен парталар мен тақталарда балалардың әлі күнге сабақ оқып жатқанын ескерсек, жоғары жылдамдықты интернет туралы айтудың өзі ұят.

«Көзбояушылықпен айналысуды тоқтатыңыздар. Нақты ахуалды көрсетіңіздер. Әйтпесе, біз жағдайды жақсарта алмаймыз. Бұл тек білім беруде ғана емес, өңірдегі барлық салаға қатысты», - деді аймақ басшысы кеңес барысында аудан әкімдерін жұмысын сынға алып.

«Таразға жақын орналасқан аудандардағы мектеп осындай болса, онда шалғай аумақтар туралы не айтуға болады? Мемлекет басшысының қашықтан оқытуға көшу туралы тапсырмасын қалай іске асырамыз?» – деді облыс әкімі.

Б. Сапарбаевтың айтуынша, өңірдің білім сапасын жетілдіру бойынша жұмыстары сын көтермейді, ал қашықтан оқытуды енгізгеннен кейін ол тіпті төмен деңгейге құлдырап кету қаупі бар.

Талдау көрсеткендей, көптеген аудан мектептерінде компьютерлер мен моноблок жетіспейді, ал 125 ауылдық елді мекен интернетпен қамтамасыз етілмеген. «Қазақтелеком» АҚ ұлттық байланыс операторының өкілі мұндай қысқа уақытта бұл мәселені шешуге қатысты сауалға нақты жауап бере алмады.

Бастысы – балардың өз үйлерінде планшеттер мен ноутбуктермен қамтылуы. Бұл техникаларсыз оқытудың жаңа форматына көшу мүмкін емес.

Аймақ басшысы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмилә Бекбатыроваға барлық мектептерді қашықтан оқытуға дайындық тұрғысынан тексеру, оқушылардың үй жағдайында білім алу мүмкіндіктерін анықтау туралы нақты тапсырмалар жүктеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Әкім, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT