Бердібек Сапарбаев Меркі аудандық ауруханасын тексеретін арнайы комиссия құрды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес Меркі аудандық ауруханасының жұмысын арнайы комиссия тексеретін болды. Аталған комиссияны облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев басқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы әкімінің әлеуметтік салаларға жетекшілік ететін орынбасары Ержан Жылқыбаев Меркі аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерінің шағымдары бойынша кешенді тексеру шараларын жүргізетін арнайы комиссияны басқарады.

«Аталған комиссия құрамына тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, прокуратура органдарының, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, қоғам мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері енген. Комиссияның басты міндеті – медицина қызметкерлерінің шағымдарындағы барлық айтылған фактілерді объективті және әділ шешу, емдеу мекемесі қызметкерлерінің құқықтарын бұзуға жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдау», - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, хабарламада егер келтірілген фактілер расталған жағдайда, оған кінәлі барлық лауазымды тұлғалар тиісті жазаға тартылады. Тексеру іс-шараларының қорытындысы жұртшылық назарына ұсынылмақ.

Еске салайық, Жамбыл облысының Меркі ауданында коронавирус жұқтырған дәрігердің шағымы бойынша тексеру басталған болатын.

Бұдан бөлек, Nur Otan партиясы жеке тексеру жүргізіп, қорытындысында аудан әкімінің орынбасары мен бас дәрігер жазаланды.


Соңғы жаңалықтар