+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев: Мембағдарламалардың мүмкіндігін барынша пайдалану керек

2020 жылғы 1 шілде 00:02
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев: Мембағдарламалардың мүмкіндігін барынша пайдалану керек

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында өңірдегі коронавирусқа қарсы іс-шаралар, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сыр өңіріндегі шыны зауыты биыл аяқталмақ Алматы облысы әкімінің аурухананың бір бөлімінде жалғыз жатқаны рас па Азия даму банкі Қазақстанға 1 млрд доллар бөледі

Басқосудың күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, облыс аудандарында жаңа жұмыс орындарын құру ойдағыдай орындалып жатқандығы айтылды. Бүгінде Байзақ, Қордай, Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандарында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жоспарланған барлық жобаларды іске асыру шаралары басталып үлгерген. Дегенмен Жамбыл, Жуалы, Меркі, Шу, Т.Рысқұлов аудандарында 10 жоба бойынша әлі жұмыстар басталмаған. Ал, Тараз қаласы бір ай бұрынғы көрсеткіштегідей әлі де көш соңында. Мұнда жоспарланған 389 жобаның 136-сы қолға алынбаған.

Айта кету керек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында облыс бойынша 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

- «Жұмыспен қамтудың жол картасы» әлеуметтік нысандарды жөндеу және салу, инженерлік және көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және елді мекендерді абаттандыру бойынша 800-ден астам инфрақұрылымдық жобаларды қамтиды. Мемлекеттік бағдарлама инфрақұрылымды жақсартуға және халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беруде. Бұл мүмкіндіктерді барынша пайдалану керек. Аудан және Тараз қаласының әкімдері тұрақты жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын әрдайым бақылауда ұстауы тиіс, - деді Бердібек Сапарбаев.

Жиында облыс әкімі жергілікті атқарушы органдардың азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстарына көңілі толмайтындығын жеткізді. Барлық аудандарда және Таразда нан, жұмыртқа, пастерленген сүт, қарақұмық және картоп құны қымбаттаған десек, Жамбыл ауданында азық-түлік тауарларының 19 түрінің 10-ы бойынша бағалардың өсіміне жол берілген.

- Жамбыл облысы аграрлы аймақ болып қала бермек. Ауыл шаруашылығының дамуы экономика үшін маңызды. Бізде өзімізді өз азық-түлігімізбен қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жеткілікті. Тек аудандарда бұл жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған. Көршілес аймақтармен азық-түлік қауіпсіздігі саласында ынтымақтастық жолға қойылмаған, - деді облыс басшысы.

Сондай-ақ, селекторлық кеңесте экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың ағымдағы жылдың қаңтар - маусым айларындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері туралы және қаржы басқармасының басшысы Роза Исаеваның бюджеттік қаражаттың игерілу туралы баяндамалары тыңдалды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының іске асырылу барысы жайлы қысқаша тоқталып өтті.

Жиын соңында Бердібек Сапарбаев жауапты ведомстволардың алдында экономиканың барлық салаларында өсімді қамтамасыз ету міндеті тұрғанын баса айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT