Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев ҚПО басшылығын көпбалалы қызметкерлеріне көмектесуге шақырды

2019 жылғы 15 шілде 16:08 242
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев ҚПО басшылығын көпбалалы қызметкерлеріне көмектесуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» компаниясының Бас директоры Эдвин Бломмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы 600 ғимарат әлеуметтік бейімдеу аясында қайта жабдықталды Батыр аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау проактивті форматқа көшіріледі Президент Жарлығы: 1,1 млн қазақстандықтың несиесінің 33,6 млрд теңге өсімақысы кешірілді

Кездесу барысында тараптар кәсіпорында еңбек заңнамасының сақталуы, соның ішінде шетелдік мамандарды тарту, сондай-ақ кәсіпорынның көпбалалы және аз қамтылған қызметкерлеріне қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

Бердібек Сапарбаев «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В» компаниясының әлеуметтік бағдарын және елде жүзеге асырылып жатқан барлық әлеуметтік жобаларға белсенді қатысуын ерекше атап өтіп, Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Сондай-ақ, ол еңбек заңнамасын сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді. Ведомство басшысы компанияны көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік қорғалуына ерекше көңіл бөле отырып, мердігерлік ұйымдардың еңбек ұжымдарындағы жағдайды бақылауды күшейтуге шақырды.

«Өздеріңізге белгілі, бүгінгі таңда Қазақстанда жоғары білікті, соның ішінде 3 және 4 санаттағы мамандар даярлануда. Сондықтан Қазақстанда жоқ мамандар болмаса, бүгінгі таңда шетелдік жұмыс күшін көптеп тартудың қажеттілігі жоқ. Сонымен қатар, Елбасы мен Президенттің тапсырмалары аясында қызметкерлердің еңбекақысын инфляция деңгейін ескере отырып, жыл сайын арттыруға ерекше назар аудару және жұмысшылардың негізсіз қысқаруына жол бермеу қажет», - деп атап өтті Сапарбаев.

Эдвин Бломның мәліметінше, компанияның барлық саласы бойынша жыл сайын жалақы мониторингі жүргізіліп отырады. Осылайша, бүгінгі күні кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы Батыс Қазақстан облысы бойынша орташа жалақыдан 3,3 есе жоғары.

«Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін тең және әділ еңбек жағдайлары сақталған. Компания басшылығы мен қызметкерлер арасындағы тұрақты диалог мүмкіндігі ұжымдық шарт негізінде қамтамасыз етіледі. Осыған ұқсас талаптар мердігерлік ұйымдарға да қойылатынын атап өту керек. Біз олардың ішкі жағдайын, соның ішінде еңбек заңнамасының сақталуын жоспардан тыс тексерулер жүргізу арқылы үнемі бақылап отырамыз», - деді Э.Блом.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT