+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев: Қобыз бен домбыраны фонограммамен тартатын күнге жеттік

2020 жылғы 30 қаңтар 17:38
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев: Қобыз бен домбыраны фонограммамен тартатын күнге жеттік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Мәдениет және спорт министрлігіне шығармашылық ұжымдардың өңірлермен байланысын нығайтуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев Талас ауданының тұрғындарымен кездесті Жаңа нысандар бос тұрмауы керек– Бердібек Сапарбаев Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға алғашқы тапсырмаларын жүктеді

«Республикалық шығармашылық ұжымдардың өңірлермен байланысының маңызы зор. Баяғыда ауылда жүргенде «Бибігүл Төлегенова немесе Роза апамыз келді» деген кезде бүкіл ауыл болып жиналып, концертін көріп, әнін тыңдайтын едік. Сондықтан, Мәдениет және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірігіп, байланыс, тәжірибе алмасу, оқыту-үйрету шаруаларымен айналысуы керек», - деді Бердібек Сапарбаев елордада өткен Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Вице-премьердің айтуынша, әрбір әннің, өлеңнің мағынасы болуы тиіс.

«Әрбір әннің тәрбиелік мәні болуы тиіс. Шығарма Отаныңды, ұлтыңды сүюге баулуы керек. Шәмші Қалдаяқовтың әндері неліктен осы уақытқа дейін өлмейді. Өйткені әр әнінің үлкен мағынасы бар. Қазіргі біздің әндерді тыңдап көріңізші, қалай екендігін... Фонограмма туралы да талай айттық. Кейінгі кезде қобыз бен домбыраны фонограммаға қойып тұрып тартамыз. Бұл – музыка аспаптарын нағыз қорлау. Қобыздың да, домбыраның да өз үні бар ғой. Сондықтан, өнердің осы жағына көңіл бөлмесек, тәрбие беру ісінің маңызы артқан заманда мұның арты жақсы болмайды», - деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетсек, Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Ақтоты Райымқұлова 2020 жылы мәдениет саласында қолға алынатын негізгі шараларды атаған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT