Бердібек Сапарбаев Қазақстандағы алғашқы IT-университеттің студенттерімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Astana IT University-дің педагогтарымен және студенттерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуге ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қорының директоры Динара Құлыбаева қатысты. Қор Astana IT University-дің құрылтайшысы болып табылады.

Кездесуде биыл университет ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, телекоммуникация, бизнес және басқару сияқты бағыттары бойынша 614 студентті қабылдағаны айтылды. Олардың арасында «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» кіретін Иван Крепак сияқты танымал жастар бар. Start-Up жобаларына арналған коворкинг-орталық, Open Space студенттеріне арналған диалог алаңы, CISCO, Cyber labs оқу зертханалары, Project Management IPMA бойынша халықаралық сертификаттау орталығы қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.

«Кез келген мемлекеттің дамуын жастардың білім деңгейімен бағалауға болады. Сондықтан Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Тұңғыш Президент - Елбасы қазақстандықтарға білімді ұлт болу міндетін қойды. Сіздер барлық әлемдік стандарттарға сай келетін жаңа IT-университетінің алғашқы студенттері атанып отырсыздар. Әрбір адам өз елінің лайықты азаматы болу үшін заман көшінен қалмай, отанымыздың дамуына үлес қосуы керек», - деді Бердібек Сапарбаев.



Соңғы жаңалықтар