Бердібек Сапарбаев кәсіпкерлерді көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуге шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Елбасының «Әлеуметтiк қамқорлық» бастамасын iске асыру шеңберiнде әлеуметтiк жобалар туралы хабардар еттi. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Министрдің айтуынша, ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдар 821 мың адамға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға 83 миллиард теңге бөледі. Жыл басынан бастап 9,3 млрд. теңге сомасында 282 мың адамға көмек көрсетілді. Бұдан басқа, 2019 жылы 373 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда, қазірдің өзінде 31,9 мың жұмыс орны ашылды.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету да маңызды мәселе болып табылады. Осылайша, жыл сайын мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 6 мың жалға берілетін пәтер, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеңілдетілген қарыздары арқылы 6 мың үй салу жоспарлануда. 2025 жылға дейін жалпы сомасы 500 млрд. теңгеден астам 58 мың пәтер, оның ішінде 2019 жылы 12 мың пәтер салынатын болады.

«Мемлекет елімізде бизнесті дамытуға айтарлықтай қолдау көрсетуде. Өз кезегінде бизнес-қауымдастық әлеуметтік мәселелерді шешуде қолдау көрсете алады», - деді Б. Сапарбаев.

Министр өңірлердегі бизнестің әлеуметтік бастамаларының оң мысалдарын келтірді. Мысалы, Маңғыстау облысында «Бизнес үш күн ішінде» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта жоба аясында Жаңаөзен қаласында шағын бизнес ашуға 70 отбасына көмек көрсетіліп, 140-тан астам адам жұмыспен қамтылды.

Ақтөбе облысында «Кәсіпкер - ана» жобасы бойынша көпбалалы аналарды демеушілік қаражат есебінен гранттар беру арқылы бизнес негіздеріне үйретеді. 2019 жылдың 1 тоқсанында 25 әйелге оқыту, бизнес-жоспарлар құру, гранттар беру сияқты өз бизнес-жобаларын іске асыруға көмек көрсетілді.

Шымкент қаласында «Meyirim» электрондық порталы іске қосылды. Қазіргі уақытта базада 500 отбасы тіркелген, оның 147 көпбалалы отбасы. 2019 жылдың І тоқсанында осы жоба аясында көпбалалы отбасы үшін бір үй беріліп, 173 отбасына 12 млн.теңге сомасында ақшалай көмек берілді.

Нұр-Сұлтан қаласында 200 аз қамтылған және көпбалалы отбасы тұрғын үй алады, оның 50-і ағымдағы жылдың соңына дейін баспаналы болады. Сонымен қатар әкімдік жалпы сомасы 2 млрд. теңге сомасында екі мың адамға тұрғын үй сертификаттарын береді.

Өз кезегінде Премьер-Министрдің орынбасары Г. Әбдіқалықова Елбасының жаңа «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын түсіндіру бойынша Үкіметтік жұмыс тобының сапарларының қорытындысы бойынша халықтың, ірі кәсіпорындардың, бизнес-құрылымдардың және кәсіподақтардың басшылары Елбасының жаңа әлеуметтік шараларын белсенді түрде қолдайтынын атап өтті.

Өз қызметкерлері мен жергілікті халықты әлеуметтік қолдау мәселелерінде Бизнестің бастамашылдығы байқалды.

Соңғы жаңалықтар