+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев: Карантин жеңілдегенімен, босаңсуға жол берілмейді

2020 жылғы 15 тамыз 21:04
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев: Карантин жеңілдегенімен, босаңсуға жол берілмейді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында коронавируспен күрес жоспары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда 134 мониторинг тобы жұмыс істеп жатыр Карантин кинобизнес саласына қалай әсер етіп жатыр Алматыда санитарлық талапты бұзған кәсіпкерлердің саны 62 пайызға артты

Отырыста баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев нақтылы кезеңде ауру көрсеткіші төмендеп келе жатқанын жеткізді.

«Бүгінгі таңда ауыр жағдайдағы науқастар саны – 16, жан сақтау бөлімінде жатқандар – 31 адам. 214 мобильдік топ өз жұмысын жалғастырып жатыр. Алайда олардың жұмысында кейбір жағдайларда төмендеу бар. Олармен бүгінгі таңда 544 хаттама толтырылып, 28 миллион теңгеге айыппұлдар салынды. Ең аз айыппұл Жуалы, Сарысу, Т.Рысқұлов, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласында салынған. Халықтың әлі де маскасыз жүруі, кейбір мейрамхана, тойханалардың астыртын жұмыс істеу фактілері кездеседі. Алдағы уақытта карантиндік шаралар жеңілдетіледі. Алайда халық арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жалғастыру қажет», – деді ол.

Сондай-ақ, Е. Жылқыбаев медициналық қызметкерлерге үстемеақы төлеуді ұйымдастыру үшін бірнеше рет комиссия отырысы өткенін атап өтті. Өңірде 304 медицина қызметкері КВИ-мен ауырса, олардың әрқайсысының инфекцияны жұқтыру жағдайлары зерделеніп, анықталуда. Оларға тиесілі үстемеақы төлеу жөніндегі ұсыныстар жолданған.

Сонымен қатар, азаматтардың денсаулығын жақсарту мен медицина мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғастыруда. Мысалы, жақын күндері 4 дана цифрлы рентген аппараты, ауыр дәрежедегі науқастарға арналған 2 дана ЭКМО құрылғысы, 7 компьютерлік томограф, 14 өкпені жасанды желдету аппараты және басқа жабдықтар алынбақшы. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» арқылы тағы 8 жедел жәрдем автокөлігі, 5 өкпені жасанды желдету құрылғысы мен 50 оттегі концентраторы, «КазТранс Ойл» компаниясы арқылы тағы 4 өкпені жасанды желдету аппараты жеткізілмек.

Келесі кезекте облыс әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев карантиндік режімді сатылап жеңілдету шараларын баяндады. Ол 17-ші тамыздан бастап барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып ашылатын шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын тізіп шықты. Нақтырақ айтсақ, олардың қатарында сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда желісі кәсіпорындары, базарлар, сұлулық салоны, шаштараз, СПА орталықтары, косметикалық қызмет көрсететін объектілер, моншалар мен сауналар, фитнес-орталықтары бар. Барлығы 477 ШОБ нысаны жұмысын қайта бастайды десек, онда 6 690 адам еңбек етеді.

Штаб отырысын аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қорытындылады.

«Қазіргі таңда КВИ-мен ауыру көрсеткіші өсуі әлі де болса Тараз қаласында, Қордай ауданында байқалады. Сондай-ақ Жуалы, Т.Рысқұлов, Сарысу, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласындағы мобильдік топтардың жұмысы өте нашар. Бірнеше тексеру жүргізгенмен, ешқандай заң бұзушылық анықталмады деп есеп береді. Ал науқастардың тіркеліп жатқаны бар. Мысалы, Тараз қаласында кешегі бір түннің өзінде 8 науқас тіркелді», – деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатқанына сендірді. Сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстары нашар деп бағаланған бірқатар аудан әкімдері де жауап беріп, алдағы уақытта жұмысты жандандыруға уәде берді.

Облыс әкімі түсіндіру жұмыстарын күшейту керектігін ескертті.

«Карантин режимін кезең-кезеңімен жеңілдету азаматтарды өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулығына жауапкершілікпен қараудан босатпайды. Эпидемияның жаңа өршуіне жол бермеу үшін біз санитарлық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды жалғастыруымыз керек. Халық арасында түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет»,- деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT