Бердібек Сапарбаев еңбек нарығына өзгерістер әкелуі мүмкін жаһандық сын-қатерлерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа технологияларды дамыту еңбек нарығына өзгерістер әкелуі мүмкін. Бұл туралы бүгін XII АЭФ аясындағы Халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдығына арналған конференцияда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер алдағы перспективалар туралы айтатын болсақ, еңбек нарығына өзгерістер әкелуі мүмкін жаһандық сын-қатерлерге тоқталып өткеніміз жөн. Бірінші сын-қатер цифрландыруды және 4.0 индустриясы, жасанды интеллект және робототехника сияқты технологияларды дамытумен байланысты. Екпінді технологиялық даму жұмыс күшінің біліктілігі мен дағдыларына қойылатын талаптарды өзгертеді. Олар кәсіптік дағдылармен қатар, қосымша дағдылар тізбегін игеруге тиіс», - деді министр.

Оның айтуынша, екінші сын-қатер еңбек ресурстары құрылымындағы демографиялық өзгерістерге негізделген.

«Бүкіл әлемде 60 жастан асқан халық санының және белсенділігінің өсуі байқалады. Өсіп келе жатқан жас ұрпақ қажетті дағдыларды игеруге тиіс. Еңбек нарығында жұмыс күшінің инклюзивтілігі артып келеді. Әйелдердің, қарттар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың экономикалық белсенділігі өсуде. Гиг-экономика дамып келеді, ол «фрилансерлер» санының көбеюі ретінде білінеді», - деді ол.
null

Б.Сапарбаев Қазақстан алдағы өзгерістерге дайын болуы қажеттігін айтты.

«Сонымен қатар, еңбек нарығындағы өзгерістердің ықпалы дамушы мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда дамыған елдерге қарағанда баяу болатынын атап өткен жөн», - деді министр.

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Соңғы жаңалықтар