+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев ел жастарына үндеу тастады

2019 жылғы 15 қараша 12:41
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев ел жастарына үндеу тастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Мен жастарға сенемін!» атты Республикалық жастар форумында Бердібек Сапарбаев ел жастарына үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада «Jas Samuryq» жастар слеті өтіп жатыр Түлкібас ауданында «Жастар жалыны» атты студенттердің слеті өтті Елордада жастар қозғалысының халықаралық форумы өтті

«Біз Үкімет мүшелері сіздермен кездескенімізге қуаныштымыз. Сіздер жассыздар, сіздердің бойларыңызда үлкен күш–қуат бар, жігер, қайрат, білім бар. Соның барлығын тиімді пайдалану керек. Мемлекетіміздің дамуына үлес қосыңыздар. Тұңғыш Президент күніне арналған осы шараға қызығушылық танытып, атсалысып жатқандарыңыз үшін барлығыңызға ерекше алғыс айтқым келді. Мемлекет әр уақытта сіздерді қолдаған, әрі қарай да қолдайды. Сіздерге ақжол тілейміз!», - деді Бердібек Сапарбаев.


Вице-премьердің айтуынша, мемлекет жастарға өз таланттарын ашуға жағдай жасау керек.

«Қазақстандық жастар халықаралық стандарттарға сай білім алу үшін «Болашақ» бағдарламасы, еліміздің барлық өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектебі арнайы құрылды. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасына сәйкес, біз жол картасын жасадық, оған еліміздің бюджетінен шамамен 300 миллиард теңге қарастырылған. Бұл аз қаржы емес, жалпы ішкі өнімнің 0,5% құрайды. Үкімет сіздерге барлық жағдайды жасауға міндетті. Атап айтар болсақ, бизнеспен айналысып, өз кәсібіңізді ашуға көмектесеміз. Ол үшін «Жас Кәсіпкер», «Жас Маман», «Бастау Бизнес» бағдарламалары жүзеге асырылуда», - деп толықтырды Сапарбаев.


Сондай-ақ, ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды Еріктілік жылы деп жариялағанын еске салды.

«Қазір біздің министрлік Еріктілер жылына қатысты іс-шаралар жоспарын әзірлеп жатыр. Мен сіздердің еріктілер қозғалысына қатысатындарыңызды жақсы білемін. Негізі әр адам өз елінің дамуына қандай үлес қосатыны жайлы ойлануы керек. Тек сонда ғана жақсы нәтижиеге қол жеткіземіз», - деп түйіндеді вице-премьер.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT