+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев БҚО педагогтарына кәсіптік білімге ерекше көңіл бөлуге кеңес берді

2019 жылғы 14 қазан 18:28
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев БҚО педагогтарына кәсіптік білімге ерекше көңіл бөлуге кеңес берді

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев педагогикалық қоғамдастықпен кездесу өткізді, онда білім беру саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық ерекше дарынды бала Абзал Мырзаш 15 жасында университет бітірмек Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасының өсуіне жол бермеу керек – Асқар Мамин Үкіметте еліміздің МӘМС енгізуге әзірлігі қаралды

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Вице-премьер мұғалімдерге Президенттің Жолдауда алға қойған міндеттерін жүзеге асыру шаралары туралы айтып берді, білім беру саласын қолдау, педагогтардың құқықтарын қорғау және жалақысын көтеру бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға назар аударды.

«Бақытымызға орай, біздің елде дарынды балалар өте көп. Олар ‒ біздің болашағымыз. Біз оларды қолдауға тиіспіз. Мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктелген, егер сіздер өз міндеттеріңізді шын көңілмен атқарсаңыздар, біздің балалар үлкен биіктерге жетеді. Көп нәрсе сіздерге байланысты», — деді Б. Сапарбаев.

Ол мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы өзара байланыстың әлсіз екенін атап өтті, оны түзету қажет. Сонымен қатар, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге, олардың іспен шұғылдануына және еңбекке тартылуына көп көңіл бөлу керек.

«Біз балаларды еңбекке үйретуіміз керек. Балалар бос уақыттарын барынша тиімді өткізуі керек. Егер балалар спортпен, өнермен айналысса, түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысса, олардың дендері сау, тәрбиелі, білімді болады, ең бастысы, олар құқық бұзушылық әрекеттерін жасамайды. Бізде көптеген спорт және мәдени нысандар бар. Үкімет оларды балаларға қолжетімді ету үшін жұмыс істеп жатыр. Жастарды салауатты өмір салтына жаппай тарту керек. Бұған ата-аналар да өз үлестерін қосуы керек. Мектеп директорлары мен сынып жетекшілері ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, балалармен кәсіптік бағдарлы жұмыстар жүргізуі абзал», - деді вице-премьер.


Сондай-ақ, ол еліміздегі орта арнаулы оқу орындарының орынсыз жұмысына тоқталды.

«Біздің колледждер олардағы жұмыспен қамтылу деңгейі 90% және одан жоғары деген статистика береді. Шындығында, бұл нөлге тең. Біз әр түлектің жұмысқа орналасуы зейнетақы жарналары туралы анықтамамен расталатын тәжірибені енгіздік, бірақ бұдан да шығудың жолын тапты. Бір айға жұмысқа тұрады, аударымдар түскен соң, қағаз алып келді және сонымен мәселені жауып қояды. Сондықтан бізде барлық жерде кадр тапшылығы бар. Бізде бос жұмыс орындары сұранысқа қарағанда көбірек. Бұндай жағдай орын алмауы керек», - деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, ол кәсіптік білімнің сапасына ерекше назар аудару қажет екенін айтты, компанияларда жас мамандарға сұраныс тудыру үшін оның деңгейін арттыру қажет.

Өңірге жұмыс сапары барысында вице-премьер жұртшылықпен, белсенді жастармен, еңбек ардагерлерімен, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесулер өткізді, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көрді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT