Бердібек Сапарбаев бизнесті қолдау туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мемлекет бизнесті қолдайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, бизнес, азаматтық қоғам салаларының өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде бизнес үшін көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Бірақ соған қарамастан, Президент бізге шағын бизнесті келесі жылдан бастап 3 жылға салық төлеуден босату туралы бұйрық берді. Қазір Қаржы министрлігі қанша қаржы жоғалтатынымызды есептеп жатыр. Сондай-ақ, бұл салықтардың орнын қалай толтыратынымызды ойластырып жатырмыз. Салықтар - бұл біздің әлеуметтік төлемдеріміз», - деді ол.


Жиында жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 6% жеңілдетілген шарттармен шағын несиелер берілетіні, аз қамтамасыз етілген отбасыларға сыйақы мөлшерлемесін 6% -дан 4% -ға дейін төмендету ұсынылып отырғаны айтылды.

Айта кетерлігі, бұған дейін Б.Сапарбаев азаматтық қоғамды дамытуға арналған тұжырымдама туралы айтқан болатын.



Соңғы жаңалықтар