+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев базарларда санитарлық талаптарды қатаң сақтауды талап етті

2020 жылғы 1 маусым 13:15
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев базарларда санитарлық талаптарды қатаң сақтауды талап етті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараздағы бірқатар сауда орындарының жұмысымен танысып, санитарлық талаптардың сақталу барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Аймақ басшысы барған алғашқы нысан қаланың шығыс шетінде орналасқан «Ауыл Береке» базары болды. Онда облыс әкімі азық-түлік тауарларының ассортиментімен, сапасы және бағасымен танысып, сатушылар мен тұтынушыларды әнгімеге тартты. Бүгінгі таңда базардың жеміс-көкөністердің, құрылыс материалдары мен ауылшаруашылық өнімдерінің көтерме сауда секторы жұмыс істеуде. Карантинге байланысты азық-түлік емес тауарлар сауда бөліктері жабылған.

Базар аумағын шолып шыққан аймақ басшысы бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды.

- Бұған дейін мен базар аумағын ретке келтіруді, сауда орындарын жақсартуды, ыңғайлы жағдай жасау мәселелеріне назар аударуды тапсырған болатынмын. Алайда, бұл нұсқаулар толығымен орындалмаған. Жайлы сауда павильондары жоқ. Кейбір сатушылар жерде сауда жасап отыр. Көлік құралдарының базардағы ретсіз қозғалысы өрт қаупін тудырады, - деді ол.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақталуы да ойдағыдай емес. Сатушылар да, сатып алушылар да бетперде кимейді, адамдар арасындағы әлеуметтік арақашықтық сақталмайтынын көріп отырмыз.


- Нарық қызметкерлері азық-түлік емес сектордағы жұмысты қайта бастауды сұрауда. Алайда, базар әкімшілігі қажетті санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ете алмай отыр. Тиісті шаралар қабылдаңыздар, содан кейін ғана базардың толық ашу туралы айтуға болады. Пандемия кезінде біздің азаматтарымыздың денсаулығына қатысты қауіпсіздік шараларын елемеуге жол берілмейді, - деді Бердібек Сапарбаев базар басшылығына.

Сондай-ақ, Тараз қаласындағы аймақ басшысы «Орталық» және «Атакент» базарларын ат басын бұрып, облыс орталығындағы демалыс саябақтарының аумағын аралап көрді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT