+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев базар басшыларына ескерту жасады

2020 жылғы 2 маусым 02:23
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев базар басшыларына ескерту жасады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев базар және сауда орындарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Соңғы үш аптада елордада карантин талабы жиі бұзылған Түркістанда санитарлық талапты сақтамаған нысан иелеріне 150 млн теңге айыппұл салынды Атырауда демалыс күндері базарлар жұмыс істемейді

Кездесудің күн тәртібінде пандемия кезінде жұмысты қайта бастау мәселесі қаралды

«Біздің облыс аумағында 40-тан астам базар мен сауда орны жұмыс істейді. Көпшілігінде міндетті санитарлық, карантиндік, өртке қарсы талаптар орындалмайды. Кеше олардың бірқатарын аралап, соған кезекті рет көз жеткіздім. Ал егер өрт бола қалса ше? Оқиға орнына өртке қарсы қызмет техникасы қалай жетеді? Баршаңызға белгілі, арнайы бекітілген қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы өкінішті жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін», - деді облыс әкімі.

Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбеков атап көрсеткендей, базарлардың бірде-бірі арнайы бекітілген талаптарға сәйкес келмейді. Ол адамдардың маскасыз жүретіндігін, санитарлық тазалағыштардың жоқтығын, арақашықтықтың сақталмайтындығын алға тартты.

Бердібек Сапарбаев жауапты мемлекеттік органдарға талаптарды сақтамай отырғандарға қатысты тиісті құзірет шеңберінде шара қолданып, сауда орындарын жабуды жүктеді.

«Сіздердің мақсаттарыңыз – көп ақша табу емес, адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығын ойлау. Бірнеше күннің ішінде кемшіліктерді түзеп, базарлардың бекітілген алгоритмге сәйкес ашылуын қамтамасыз етіңіздер. Арнайы мониторингтік топтар тексеретін болады. Азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты мәселе. Базар әкімшілігі барлық талаптарды орындағанда ғана сауда-саттыққа толық мүмкіндік беріледі. Біздің алдымызда инфекцияның жылдам таралуына жол бермеу, адамдардың денсаулығын барынша қорғау міндеті тұр. Біз олардың өмірін тәуекелге тіге алмаймыз», - деп түйіндеді облыс әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT