+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев: Барлық ұлт өкілдері өңірдегі бейбітшілікті сақтауы тиіс

2020 жылғы 19 ақпан 17:38
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев: Барлық ұлт өкілдері өңірдегі бейбітшілікті сақтауы тиіс

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында тұратын барлық ұлттар мен этнос өкілдері өңірдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауы тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халықпен есепті кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Біз көп ұлтты мемлекет екенімізді ешқашан ұмытпауымыз керек. Қазақстанның 30 жылдағы жеткен ең басты байлығы – бірлік пен бейбітшілік. Біз мұны одан әрі сақтап тұруға міндеттіміз. Облыста 87 этнос өкілі өмір сүреді десек, олар әрқашан ынтымақ пен татулықта тіршілік кешіп келді. Қордай ауданында болған жағдай біз үшін сабақ болуы тиіс», - деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Аймақ басшысы облыстағы алғашқы жұмыс күнінен бастап қоғамдық кеңеспен, зиялы қауым өкілдерімен, бірқатар ауыл тұрғынымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдағанын, халықты толғандыратын өзекті мәселелерден хабардар болғанын атап өтті.

«Кеше менен «Заң талаптары сақтала ма?» деп сұрады. Сақталады! Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз, сондықтан еліміздің заңдарын орындауға міндеттіміз», - деп атап өтті облыс басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Әкім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT