+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев: Азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу қажет

2020 жылғы 1 сәуір 13:59
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев: Азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу қажет

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен облыстық жедел штабтың кезекті отырысында азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу және оның алдын алу шаралары сараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, өңірде COVID-19 вирусымен ауырған адамдардың саны бұған дейін тіркелген 3 жағдаймен қалып отыр.

Баяндамашы құқық қорғау органдарынан азаматтардың дәрігерлердің заңды талаптарына бағынбауына қатысты мәселелерді шешуге атсалысуын сұранды. Мұндай оқиға Қордай ауданында орын алған. Ондағы тұрғын тек ұзақ әңгімелесуден кейін ғана ауруханаға баруға көніп, қажетті талдауларды тапсырған. Талдау нәтижесі теріс болып шыққан, егер жағдай басқаша болғанда, онда мәселе тіпті күрделене түсуі мүмкін еді.

Штаб басшысы Бердібек Сапарбаев бұл жайтқа бей-жай қарамай, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетовке нақты тапсырмалар жүктеді. Өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірген, төтенше жағдай режимін бұзған адамдарға қатысты заңды жазалау шараларын қолданудың маңыздылығын баса айтты.

Сондай-ақ, жиында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандәулет Кенжебековтің азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру жөніндегі жұмыстарының нәтижесіздігін облыс басшысы сынға алды.

- Бүгінгі таңда халықты алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі – баға тұрақсыздығы. Сіз өзіңіз екі апта ішінде негізгі азық-түлік тауарларының құнының не себепті өсіп отырғанына талдау жүргізіп көрдіңізбе? Бағаның өсуі көптеген сауда желілерінде байқалуда. Басқа өнімдер туралы айтпағаннын өзінде, ең болмағанда тұз бағасын ұстап тұра алмаймыз. Құрылған мобильдік топтардың жұмысы сәтсіз жүргізілді. Біз мұндай жағдайда жұмыс орындарын сақтап, бағаның шарықтауына жол бермеуге тиіспіз, - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы өзінің орынбасары Нұржан Календеровке прокуратура және монополияға қарсы қызмет қызметкерлерімен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілу себебін тексеруді тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT