+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев «Ай-Ана» ескерткішіне тағзым етті

2019 жылғы 11 қазан 14:41
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев «Ай-Ана» ескерткішіне тағзым етті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Маңғыстау ауданының Онды ауылында жаңа мешіт ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Рухани орданың ашылу рәсіміне арнайы келгенҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев алдымен «Ай-Ана» ескерткішіне тағзым етті.

Ескерткіш 2009 жылы ел тілегін тілеген аналардың құрметіне, Ұлы Отан соғысына аттанып оралмаған жұбайларын күткен аналарымыздың символикалық бейнесі ретінде, Әбіштей дананы дүниеге әкелген Айсәуле анамызға арнап тұрғызылған болатын.


Ал, жергілікті тұрғындардың қолдауымен бой көтерген мешіт осы жылдың сәуір айында басталған болатын. Бір уақытта 130-дай адам құлшылық жасай алатын мешітте ер адамдар мен әйел адамдарға арналған бөлме, күмбез және дәріс бөлмелері бар. Жалпы аумағы 250 шаршы метрді алатын орда мұнарасының биіктігі 15 метр, күмбезі 12 метр, ал қабырғалары 5 метрді құрайды.


«Қазақта киелі, қасиетті жерлер көп. Десе де, ұлы ойшыл, кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбаевтай бір туар азаматты дүниеге әкелген бұл топырақтың орны бөлек. Осы киелі өңірден Әбекеңнің әлі талай ізбасарлары шығады деп ойлаймыз. Бүгінгі 80 жылдық мерейтойдың келешек ұрпақ үшін тарихи маңызы өте зор. Алматыдан бастау алған шаралардың жалғасы бүгін Маңғыстауда өтсе, ертең елордасы Нұр-Сұлтанда жалғасын таппақ. Осындай шараларға ат салысып жүргеніміз – Әбіш ағаның әруағының алдындағы борышымыздың өтелгені деп білемін», - деп Бердібек Машбекұлы өзінің жылы лебізін білдірді.


Сонымен қатар, Маңғыстау ауданына жұмыс сапары барысында Үкімет басшысының орынбасары Онды ауылындағы Әбіш Кекілбайұлы білім алған орта мектептің тыныс-тіршілігімен танысты. Абыз тұлға бұл білім ордасында 2-8 сынып аралығында оқып, балалық шағын осы жерде өткізген. Мектептегі абыз тұлғаның атындағы мұражайға Бердібек Сапарбаев жазушының дидары бейнеленген кілем сыйға тартты.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT