Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмекті алу тәртібін түсіндірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған жұмыс тобы Ақмола облысында болды. Өңірдегі ауыл және аудан әкімдерімен кездескен топ мүшесі, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап берілетін атаулы көмекті алу тәртібі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, көп балалы отбасылары мен мүгедектерге биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап беріледі деп жоспарланған атаулы әлеуметтік көмекті беру тәртібі біршама өзгерді. Мемлекет басшысының бастамасымен атаулы көмек 1 сәуірден бастап беріледі.

«2018 жылы атаулы көмек көлемі 40-50 пайызға өссе, биылғы жылы 70 пайызға көтеріледі. Сөйтіп, ендігі арада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 14849 теңгеден 20789 теңгеге жетіп отыр», деді Бердібек Сапарбаев.

Министрдің айтуынша, осындай көбейтілген атаулы көмекті республика бойынша 830 мың адам, ал Ақмола облысында 18651 адам алуға тиіс.

«Атаулы көмек алуға қатысты жұртшылықты толғандыратын және орынды ренішін туғызатын жай-құзырлы органдардың қажетсіз құжаттарды талап етіп, адамдарды әуре-сарсаңға салатыны белгілі. Сол себепті, ендігі арада жәрдемақы алу үшін жалғыз ғана құжат - жеке басы куәлігі ғана талап етіледі. Атаулы әлеуметтік көмек алуға қажетті басқа барлық құжаттар электрондық нұсқада халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылдады», - деді Бердібек Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар