+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев алматылық мұғалімдермен кездесті

2019 жылғы 19 қыркүйек 14:47
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев алматылық мұғалімдермен кездесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыға жұмыс сапары барысында вице-премьер Бердібек Сапарбаев Абай атындағы республикалық мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп интернатының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысында бизнеске заңсыз қол сұққан 18 қылмыс ашылды «FlyArystan» елордадан 3 қалаға әуе рейстерін ашты Еңбек министрі «АрселорМиттал Теміртау» ұжымына Президент Жолдауын түсіндірді

Жиын барысында Үкімет басшысының орынбасары мұғалім мәртебесіне қатысты заң туралы тілге тиек етті.

«Алматыға келгенде міндетті түрде ұстаздар қауымымен кездесу керек. Себебі, мемлекеттің болашағы - балалар болашағы бірден бір сіздерге байланысты. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері 28 жылдың ішінде Елбасының, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұғалімдер қауымына жасап жатқан шараларын жақсы білесіздер. Егер біз тезірек дамыған 30 мемлекет қатарына енеміз десек, бізде білімді тәрбиелі азаматтар болуы керек.

Сіздердің мәртебелеріңізді абыройларыңызды арттыратын құқықтарыңыз сақталатын материалдық жағынан үлкен көмек болатын мұғалім мәртебесі деген заң Парламент қабырғасында қаралып жатыр. Соның нәтижесінде үлкен көмек қолдау болады деп сенеміз. Жақында тамыздағы мұғалімдер конференциясына бірінші рет Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Келешекте мұғалімдерге қандай жағдай жасалатынын айтты. Үкімет мүшелері 1 қыркүйек күні мектептерге барып қатысты», - деді Бердібек Сапарбаев.


ҚР БҒМ өкілі Каринова Шолпан Елбасының тапсырмасын орындау аясында министрлік тарапынан қандай шаралар атқарылып жатқанын айтты.

«ҚР БҒМ Елбасы белгілеген тапсырмаларды орындау бойынша Тоқаевтың биылғы жолдауындағы міндеттерді орындау бойынш қысқа баяндауға рұқсат етіңіздер. Қазір мұғалімдер мәртебесі туралы заңды ұстаздар қауымы тосып отыр. Бұл заң жобасы Үкіметте қолдау тауып, мәжілісте қаралып жатыр. Жыл соңына құжатты бекіту жоспарда тұр. Осы заң жобасына қатысты нақты пікірді білу үшін заңдағы ұсыныстар мен өзгерістерді әр педагогикалық ұжымға ұсындық. 18 мыңнан аса ұсыныс түсіп зерделенді. Оны министрлік 3 топқа бөлді», - деді Шолпан Танатова.

Айта кету керке, бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Алматыға жұмыс сапарымен келген болатын. Лауазымды тұлға бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми орталығын аралап, жетістіктерімен танысты.

https://www.inform.kz/kz/almatylyk-zhoo-berdibek-saparbaevka-akyldy-robotty-tanystyrdy_a3567127
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT