Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында хабарланды.

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 1953 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында туылған.

1977 жылы Алматы Халықшаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысынан бастады.

1977 жылдан бастап 1988 жылға дейін ҚазСРО Қаржы министрілігінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары қызметін атқарды.

1988 жылдан бастап 1993 жылға дейін жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары қызметін атқарды.

1994 жылдан бастап 1995 жылға дейінҚазақстан Республикасы Министрлері кабинетінің Істер басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі болды.

1995 жылы Қазақстан Республикасы ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Аппаратының басшысы, 1999 жылы ОңтүстікҚазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

2002 жылдан бастап 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің вице-министрі -Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2006 жылдан бастап 2007 жылға дейін Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкімет Өкілі болып қызмет етті.

2007 жылдың ақпанынан бастап 2007 жылдың тамызына дейін Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі қызметін атқарды.

2007 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымында болған.

2009 жылдың 4 наурызында Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

2014 жылдың 11 қарашасынан бастап бүгінге дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болды.

«Құрмет» орденімен (1999 ж.), «Астана» (1998 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.) медальдарымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар