Бердібек Сапарбаев 26-бапқа қатысты пікірін айтты

None
None
  АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев есеп беру кездесуінде көп талқыға түскен 26-бапқа қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халық алдында есеп беріп, тұрғындардың сұрақтарын жауап берді. Кездесуге келген ақтөбеліктің бірі Сапарбаевтан елді мазалаған 26-бап туралы пікірін сұрады.

«Бұл меншік туралы заң. Қазақстанда әркімнің жеке меншік мүддесі сақталады. Шетелдік азаматтарға байланысты, егер оның өзінің жеке мүлігі, көлігі, үйі болса, сақталады. Ал жерге, жер қойнауына байланысты мәселелердің барлығы Жер Кодексі, Жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнама арқылы реттеледі. Жер Кодексінде «жер ешқашан жеке меншікке берілмейді, оның ішінде шетелдіктерге» деп жазылған»,- деді Бердібек Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар