+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Бензиннің бағасы күрт көтерілсе шұғыл тексереміз - Бозымбаев

2016 жылғы 21 қараша 16:22
Бөлісіңіз:
Бензиннің бағасы күрт көтерілсе шұғыл тексереміз - Бозымбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісіндегі мұнай-газ саласын дамытуға арналған Үкімет сағатында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өткен демалыс күндері бензин бағасының қымбаттауы бойынша түсініктеме берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, сенбі күні мен де әлеуметтік желілер арқылы «ҚазМұнайГаз»-дың жанар-жағар май стансаларында бензиннің талонмен сатылып жатқанын білдім. Кеше ғана өзім сол стансаларды аралап шықтым. Жағдай түзелді. Негізгі себеп - қатты аязда бензинге деген сұраныс екі жарым есеге өскен. Сондықтан ҚазМұнайГазда тапшылық туындаған. Негізі, аталған стансаларда күнде 100 тонна бензин сатылады. Ал өткен сенбі сұраныс күрт өсіп, 220 тоннаға жеткен», - деп атап көрсетті Қ.Бозымбаев.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Астанада қажетті жанар-жағар майдың көлемі бар. «Қазіргі кезде сол бензинді Ресейден алып, мына жақта сататын болсақ, бір литрдің бағасы 140 теңге болуы керек. Бірақ бізде өзіміздің бензиніміз бар. Екеуін қосқанда әділ баға 135-140 теңге айналасында болады. Сондықтан қараша айында 92 маркалы бензиннің бағасы 130 теңге болуы тиіс. Егер 170 болса, 200, мүмкін 300 болса да, біз тез арада Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетімен тексеріс өткізіп, орнына қоятын шығармыз», - деді министр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT