Бензин тасымалдаушы көлік жарылысы: 2 адам қаза тауып, 70-і жараланды

None
None
РИМ. ҚазАқпарат - Италияда Болонья қаласының шет жағындағы жолда болған бензин тасымалдаушы көліктің жарылысы салдарынан кем дегенде екі адам қаза тауып, 70-і жарақаттанды, деп хабарлайды ВВС.

RaiNews24 телеарнасының деректеріне қарағанда,  14  адамның жағдайы тым ауыр.  Ал жүк көлігі жанып кеткен.

Лапылдаған от сол маңға жақын жердегі автосалонды шарпыған. Салдарынан 10 машина өртеніп, жарылған.

Төтенше жағдай болған жерге өрт сөндіру және жедел жәрдем көлігі барды, жол уақытша жабық.

Айта кетер жайт, жарылыс қалалық әуежай маңында болған. Твиттерде хабарланғандай, Болонья әуежайы өрттен зардап шекпеген және  штаттық режімде жұмыс істеп жатыр.  

Соңғы жаңалықтар