Бензин нарығын реттей алмаған вице-министр қызметінен босатылды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында Үкімет басшысы вице-министрлерді қызметке тағайындау және босату өз құзіретіне жататындығын атап өте келе, өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс атқара алмаған ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босататындығын айтты.

«Вице-министрлерге қатысты құзірет өзімде. Сондықтан мен вице-министр Әсет Мағауовқа қатысты оны лауазымды қызметінен босату туралы шешім қабылдаймын. Кеңсе бүгін Үкіметтің сәйкесінше шешімін қабылдасын», - деді Бақытжан Сағынтаев. 

Соңғы жаңалықтар