Бензин құйылған бөтелке ұстап, өзін өртемек болған атыраулық ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мас жігіт бензин құйылған бөтелке ұстап, өзін өртеймін қорқытқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 шілдеде таңғы сағат 6:00 шамасында 32 жастағы жігіт мас күйде Атырау қалалық прокуратурасына келген.

«Масаң күйдегі жігіт қолына бензин құйылған бөтелке ұстап, өзін өртеп жіберемін деп қорқытқан. Патрульдік полиция қызметкерлері 1989 жылы туған азаматты Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізді. Қазір ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434 және 667-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда ішімдік ішіп алып, өзін өлтірмек болған 33 жастағы тұрғын құтқарылған еді.


Соңғы жаңалықтар