+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Бензин бағасының көтерілуіне негіз жоқ – Энергетика министрі

2019 жылғы 22 қазан 12:07
Бөлісіңіз:
Бензин бағасының көтерілуіне негіз жоқ – Энергетика министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қазақстандық бензинді сыртқа шығаруды шектеу үшін қабылданатын шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өзбекстанда отын энергетикасының өндірісі төмендеді Бензин бағасының көтерілуіне негіз жоқ – Энергетика министрі Қазақстанда бензин бағасы өсуі мүмкін бе

«Бүгінде Әділет министрлігі Энергетика министрлігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, сондай-ақ Қаржы министрлігімен бірлескен бұйырықты тіркеуден өткізді. Онда ашық түсті мұнай өнімдерін және өзге мұнай өнімдері түрлерін Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен шығаруға шектеу шаралары қамтылған. Енді бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің басқа да түрлерін автоцистерналармен Қазақстаннан тыс шығаруға тыйым салынады», - деді Қанат Бозымбаев Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, шектеу шаралары транзиттік автобустарға да қатысты болады.

«Сонымен қатар, отын құятын қосымша бактар қойылған жүк көліктері де тиісті жауапкершілікке тартылады, яғни аталған шектеумен қамтылады. Себебі көптеген жүк көліктері және транзитті автобустар отынды шетке шығару үшін жаңа қосымша бактар орнатады. Сондықтан енді тиісті шектеу шаралары іске асырылмақ», - деді министр.

Жеңіл көліктер үшін жанармай құюға шектеу болмайды. Алайда Қазақстаннан тыс шығарылатын канистрлер бақылауда болады

«Жеке автокөлік жанар-жағармай құю стансасына келіп, емін-еркін жиырма литрлік бір канистрге бензин толтыра алады. Ал егер көліктің жүк салғышында одан көп канистрлерге отын толтыратын болса, оған шектеу енгізіледі. Сондықтан биыл бензин мен дизель отыны бағасының өзгеруі үшін ешқандай негіз жоқ», - деді Бозымбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT