+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Бензин бағасын нарықтық шарттар реттейді – Энергетика министрі

2020 жылғы 10 наурыз 10:16
Бөлісіңіз:
Бензин бағасын нарықтық шарттар реттейді – Энергетика министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұнай бағасының төмендеуі аясында Қазақстанда бензин бағасы қалай құбылуы мүмкін? Бұл сұраққа Үкімет отырысынан кейін тілшілердің алдында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бензиннің бағасы еркін айналымда. Бәрін нарықтық шарттар реттейді. Қазақстан өзінің мұнай өндірісін қысқарта ма, ұлғайта ма деген сұраққа келер болсақ, өзіміздің бұл бағытта нақты жоспарларымыз бар. ОПЕК-тің ұстанымдары – бізге ұсыныс ретінде ғана келіп отыр. Ал қазіргі таңда бізде жоспарды өзгертетін ой жоқ», - деді Нұрлан Ноғаев.

Энергетика министрі қазіргі уақытта Қазақстанда бензин бағасы тұрақты екенін айтып өтті.

«Бензин бағасы бірнеше жылдан бері еркін нарықта. Ұсыныс пен сұраныстың нәтижесінде реттеліп келе жатыр. Оған қажет жанар-жағармай қоры жеткілікті. Еліміздегі барлық мұнай өңдеу зауыты штатты түрде жұмыс істеп жатыр», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT