Бенди: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бендиден (допты хоккей) Қазақстан құрамасы биылғы әлем чемпионатына қатысудан ресми түрде бас тартты. Бұл шешім әлемдегі коронавирус дертінің өршуіне байланысты қабылданған. Мәліметті Қазақстан бенди қауымдастығының менеджері Нұрлан Оразғалиев ҚазАқпарат тілшісіне ресми түрде растады.

Әлем чемпионаты 29 наурыз - 5 сәуір аралығында Ресейдің Иркутск қаласында өткізілуі тиіс. Қазақстан құрамасы биыл А турнирінде сынға түсетін еді. Қарсыластары - Швеция, Ресей, Финляндия, Норвегия, АҚШ, Германия және Эстония құрамалары.

Бүгінгі күнге дейін қазақстандық бендишілер әлем чемпионатында 6 мәрте (2003, 2005, 2012, 2013, 2014, 2015) қола жүлдегер атанды.


Соңғы жаңалықтар