БЕЛТА басшысы: Мемлекетке өз қызметі туралы ақпарат тарататын сенімді арна керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочиде ТМД Мемлекеттік ақпарат агенттіктері басшыларының кеңесінің (ТМД Ақпарат кеңесі) XXIII отырысына шығармашылық ынтымақтастықты дамыту бағыттары мен келер жылға арналған бірлескен жобалар талқыланды. ТМД Ақпарат кеңесі 1995 жылы қараша айында құрылған. Оның құрамына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Ресей және Тәжікстанның мемлекеттік жаңалықтар қызметінің жетекшілері кіреді. Беларусь телеграф агенттігінің (БЕЛТА) бас директоры Дмитрий Жук «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында өзі басқаратын ақпарат агенттігінде қолданылатын жаңа технологиялар мен БАҚ-тың Беларусьтегі беделі туралы  айтып берді.

Беларусь телеграф агенттігі ТМД аумағындағы және алыс шет елдердегі жетекші БАҚ-тармен ауқымды серіктестік байланыстар орнатқан. Өзара әрекеттестік пен кооперация - қашанда тиімді.

Біздің ойымызша, БЕЛТА мен ҚазАқпарат» ХАА арасында айтарлықтай тығыз әрі жемісті ынтымақтастық орнады және бірнеше жылдан бері дамып келеді. Беларусь пен Қазақстанда өткен маңызды шараларды жариялауда бір-бірімізге қолдау көрсетеміз. Түрлі медиажобаларға қатысамыз. Оның жарқын мысалы ретінде көпжақты агенттікаралық информерді айта аламын. Онда БЕЛТА мен ҚазАқпараттан бөлек, АЗЕРТАДЖ, Trend, Кабар мен Ховар енген.

Қатысушы агенттіктердің сайттарындағы жаңалықтық хабарламаларды жылдам жариялайтын бұл жүйе 2016 жылы іске қосылған. Информердің негізгі мақсаты - серіктестердің редакторлық қызметтерін қажет етпей, жаңалық мазмұнына еш өзгеріс енгізбей, меншікті және түпнұсқадағы контентті шетелдік медиаалаңдарға шығару.

Бұл платформа жұмысы өзара толық кәсіби сенімге негізделген. ҚазАқпаратты, сөзсіз, интернет кеңістігіндегі сенімді серіктесіміз және жылдам ақпарат көзі деп есептейміз. Бұл виртуалды БАҚ пен әлеуметтік желілердің қарқынды даму ғасырында ерекше құнды болмақ.

Екінші жағынан, әлбетте, ынтымақтастықтың әлеуеті әлі толық ашылған жоқ. ҚазАқпаратпен бірлесіп, көп нәрсені жүзеге асырғымыз келеді. Атап айтқанда, ЕАЭО-дағы интеграцияны дамыту, жаңа Жібек Жолының экономикалық белдеуі және мәдени-гуманитарлық саладағы өзекті тақырыптар бойынша нақты жобаларды жүзеге асыратын идеялар мен мүмкіндіктер бар.

- Жақын арада немесе жалпы қандай идеялар мен жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр?

- Біз үнемі жаңа идеялармен жұмыс істейміз. Жүзеге асырылған бір жобаны екіншісі алмастырады.  Өздеріңіз білетіндей, медиа саласының өзі  - ұзақ үзіліс пен тоқырауға төзбейтін қайнаған тіршілік.

Қазіргі уақытта агенттіктің әлеуметтік желілердегі қызметін кеңейтуге және визуалды контент үлесін көбейтуге көңіл бөліп отырмыз.  Одан бөлек, БЕЛТА ірі тақырыптық интернет-жобалар әзірлеп жатыр. Олардың бірі Беларусьтегі ІІ Еуропа ойындарына арналған.

Сонымен бірге, БЕЛТА-ның 100 жылдығына қызу дайындық үстіндеміз. Шын мәнінде, тұтас 2018 жыл біз үшін мерейтойлар жылы болғалы тұр. Көптеген қызықты және түрлі пішіндегі шараларды өткізу қарастырылған, оларға серіктесіміз «ҚазАқпаратты» да қатыстыру жоспарда бар. 

- Мемлекеттік ақпарат агенттіктері үшін ерекше мәртебе - қажеттілік пе әлде көп артықшылықтардың бірі ме? Ресми үкіметтік ақпараттарды жариялауда БЕЛТА-да монополия бар ма?

- Дәл осындай құқық Беларусь телеграф агенттігіне 1995 жылдың 10 қазанында Беларусь Республикасы Президентінің N413 жарлығымен берілген. Сонымен қатар, ресми сипаттағы ақпаратты қосқанда, жалпы ақпаратқа монополия мүмкін емес. Бірақ, мемлекетке өз қызметі туралы жаңалық тарататын, коммерциялық немесе саяси ықпалдарға берілмейтін, тексерілген, сенімді арналар керек.

Соңғы жылдары медианарықта бәсекелестік пайда болды, ақпараттық ағындар да қарқынды ұлғая түсті - мұндағы әңгіме тек Беларусь туралы емес. Халықтың да тексерілген нақты ақпаратқа деген сұранысы артып келеді. Сол себепті мемлекеттік агенттіктердің ерекше мәртебесі қалады: олар сенімді әрі жылдам ақпараттың көзі және шенеуніктер мен саясаткерлердің, бизнесмендер мен қарапайым тұрғындардың объективті шешім қабылдауына негіз бола алады.

Соңғы жаңалықтар