Белсенді қоғамдық бақылау - референдумның ашық әрі әділ өтуінің кепілі – Халықаралық байқаушы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кеше өткен референдумның қорытындысы бойынша халықаралық байқаушылар ойын ортаға салды. Ресей Федерациясы сайлау комиссиясының мүшесі, халықаралық байқаушы Павел Андреевтің мәлімдеуінше, халық референдум күні жақсы көңіл-күйде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ата заңға өзгеріс енгізу кез келген мемлекет үшін маңызды сәт. Біз байқаушы болған учаскелерде қатысушылардың белсенділігі байқалды. Әсіресе қоғам белсенділерінің жағдайды қадағалап, бақылауы ерекше көзге түсті. Мен Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысындағы референдум учаскелерінде болдым. Халықтың көңіл-күйінің жоғары екені көрінді. Көбісі отбасымен келіп жатты. Референдумды ұйымдастыру, өткізу процестері бойынша күдік болмады. Комиссия мүшелері тыңғылықты дайындалған», - деді Павел Андреев БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, белсенді қоғамдық бақылаудың болуы референдумның ашық әрі әділ өтуінің кепілі.

«Мен болған референдум учаскелерінде қоғамдық ұйым өкілдері болды. Кейбір учаскеде ондаған қоғам белсендісі байқалды. Бұл - қоғам өкілдері елде болып жатқан жайттарға бей-жай қарамайды дегенді білдіреді. Ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде болды. Кешегі айтулы шараға шетелден 270 байқаушы келді. Түрлі елдермен қатар халықаралық ұйымдардың да өкілдері референдумның өту процесін қадағалады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар