Беловодское ауылындағы түзету колониясында сарбаз өзін-өзі атып өлтірді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан Республикасы Шу облысы Беловодское ауылында орналасқан түзету колониясында мерзімді қызмет сарбазы өзін-өзі атып өлтірді. Бұл ақпаратты «Кабар» агенттігіне Жазаны орындау мемлекеттік қызметінің баспасөз қызметі растады.

Оның дерегі бойынша, сарбаз өзін табельдік қарудан атқан.

Кейбір деректер бойынша, жігіт Күзет және қарауылдап алып жүру департаментінде қызмет еткен. Ведомство бұл оқиғаның егжей-тегжейін хабарлаған жоқ. 

Соңғы жаңалықтар