Белградта күшті жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербия астанасының батыс бөлігі -Жаңа Белградта қуатты жарылыс болды. Бұл туралы ТАСС B92 порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, оның дауысын қаланың жан-жағылардың барлығы естіген. Ал оқиғаға жақын аймақта орналасқан үйлердің терезелеріне дейін сықырлап кетті, дейді жергілікті тұрғындар.

Порталдың хабарлауынша, жарылыс автоорталықтың маңайында болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция мен жедел жәрдем қызметі жетті.

Осы уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

ІІМ өкілдерінің хабарлауынша, жарылыстың салдарынан зардап шеккендер жоқ. Ал Кurir басылымы автоорталықтың маңында атвомобиль майларының қоймасы жарылды деп жазды, жарылыс болған жерді қою түтін басқан.

Соңғы жаңалықтар