Белградта Астана күндері өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Бақыт Сұлтанов пен Белград мэрі Зоран Радойичич 2019 жылы Белградта Астана күндерін өткізуге келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілгендей, қос ел астаналарының басшылары екіжақты қарым-қатынасты кең көлемде дамытуға және бекітуге келісті. Сондай-ақ Қазақстан және Сербия елдері астаналарының арасында комюникеге қол қойып, достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға уағдаласты.

Бұдан бөлек, сауда-экономика саласын, гуманитарлық және ғылыми білім беру ынтымақтастығын дамыту мәселесі көтерілді.  

Астана мен Белград қаласының басшылары екі астананың атқарушы органдары арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру мақсатында бірлескен жұмыс тобын құру және оның тұрақты, тиімді қызметін қамтамасыз етуді талқылады.

Соңғы жаңалықтар