Белгісіз жағдайда қаза болған алматылық студенттің өліміне дәрігерлер кінәлі емес - денсаулық сақтау басқармасы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда Энергетика және байланыс университетінің 1-курс студенті белгісіз жағдайда қаза болды. Көптеген БАҚ ресурстары жасөспірімнің өмірін кешігіп жеткен жедел жәрдем қызметі сақтап қала алмады деп мәлімдеген болатын. Бүгін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бұл хабарды жоққа шығарды.

«Студент өзін 23-і күні кешке қарай жайсыз сезіне бастаған. Суық тиген шығар деген оймен бір түнді тек қызу түсіретін препараттар қабылдап өткізген. Келесі күні жағдайы нашарлай түскен соң, жатақхана вахтері жедел жәрдемге қоңырау шалған. Шақыру 8:23-те түскен. Қалалық жедел жәрдем қызметінің бригадасы 8:25-те шығып, 8:49-да шақыру орнына жеткен. Бұл деректің бәрін растай аламыз. Жедел жәрдем көліктері GPS навигаторлық жүйемен жабдықталған. 9 минуттан соң фельдшерлік бригада қарқынды терапия бригадасын шақырған. Бірақ, олар, өкінішке орай, баланың өмірін сақтап қала алмады», - деді қалалық қалалық студенттік емхананың бас дәрігері Иманғалиева Ләйла.

Дәрігерлер студенттің аяқ астынан қаза болуының екі ықтимал себебі бар деп болжауда. Біріншіден, мұндай кенеттен болатын өлім көбіне менингокок инфекциясының салдарынан болады. Сондай-ақ, студент белгісіз бір затпен улануы мүмкін.

Қазір қаза болған студенттің тәні сот медициналық сараптамаға жіберілді.

Жұмбақ өлімнің нақты себебі бірнеше күннен соң белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар