Белгісіз елордалық қардан көгершін мүсіндерін жасап, тұрғындарды қуантуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық белгісіз тұрғыны үйлердің қабырғасын қардан жасалған көгершіндермен әрлеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы Zhaloby_astana парақшасына жарияланды.

«Қалдаяқов көшесі, мекенжайындағы үйдің тұрғыны (өкінішке қарай, есімін білмеймін) қабырғаға қардан мынадай әдемі дүниелер жасауда. Оған айналасындағыларды қуантып, жақсы көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыс айтам», - деген жазба жазылды.

Видеодан белгісіз суретші ақ қардан көгершін жасап жатқанын көруге болады.

Соңғы жаңалықтар