08:31, 27 Қазан 2020 | GMT +6
Белгісіз біреулер мейрамханада 15 адамды тонап кетті
БОГОТА. ҚазАқпарат – Колумбияның батысындағы мейрамханада кемінде он бес адам жаппай тонаудың құрбаны болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат La FM радиостанциясына сілтеме жасап.
Радиостанцияның хабарлауынша, оқиға дүйсенбіге қараған түні Кали қаласында (Валье-дель-Каукабатыс департаментінің астанасы) болды. Қаруланған белгісіз адамдар мейрамханаға кіріп, 14 келушіні және мекеменің бір күзетшісін тонап кеткен. Бұдан соң олар мотоциклге мініп, іздерін суытқан.
Билік оқыс оқиғаны тергеуді бастап кетті.