Белгісіз біреулер ауыл тұрғынының 3 тракторын өртеп жіберді - Түркістан

None
None
БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында белгісіз біреулер жергілікті тұрғынның үш тракторын өртеп жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Боралдай ауылында болған. Оқиға орнына Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері келіп, осы іске қатысы бар деген күдіктілерді іздестіруде. Олар өрт қойған күдіктілерді анықтау шараларын жүргізуде.

«Аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлімі «қасақана өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру» бойынша іс қозғалды. Тергеушілер тарапынан бірқатар сараптамалар тағайындалды» делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар