Белгісіз біреулер аурухананың көлік тұрағына тастап кеткен жаралы азамат көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Белгісіз біреулер көптеген дене жарақатын алған 40 жастағы ақтөбелік азаматты аурухананың жедел жәрдем көлігі тұрағына лақтырып кеткен.

Ер адам есін жимастан, көз жұмды. Аталған іс бойынша күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«15 қаңтарда аурухананың жедел жәрдем бөлімінде  көптеген дене жарақатынан 40 жастағы Ақтөбе тұрғыны қайтыс болды. Оны аурухананың көлік тұрағына белгісіз біреулер жеткізген. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп түсініктеме берді Ақтөбе облысының ПД баспасөз хатшысы  Ерболат Сарқұлов.

Полицейслер осы іс бойынша үш күдіктіні ұстаған. Олар уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Самал Ендибаева



Соңғы жаңалықтар