USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Белгісіз біреу Норвегиядағы Кунсберг қаласында бірнеше адамды өлтірді

2021 жылғы 14 қазан 02:52
Бөлісіңіз:
Белгісіз біреу Норвегиядағы Кунсберг қаласында бірнеше адамды өлтірді

ХЕЛЬСИНКИ. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Норвегияның Кунгсберг қаласында белгісіз қылмыскердің шабуылы салдарынан бірнеше адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Норвегияның телеграф бюросына (НТБ) сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Конгодағы  кеме апаты: 180 адам із-түссіз жоғалды Ганада жарылғыш заттар тиелген көлік жарылып, 17 адам қаза тапты Сауд Арабиясында рекордтық төмен температура тіркелді

«Өкінішке орай, біз оқиға салдарынан бірнеше адамның жараланғанын және өлгендердің бар екенін растайм аламыз», - деп мәлім етті полиция өкілі Эйвинд Ос.

Шабуыл жасаған адам ұсталды. Остың айтуынша, құқық қорғау органдары қылмыскер жалғыз әрекет еткен деп есептейді және қазіргі уақытта ықтимал сыбайластарын белсенді түрде іздестіру жүріп жатқан жоқ.

НТБ атап өткендей, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл жағдайда теракт туралы сөз болуы мүмкін бе деген сұраққа әзірге жауап бермей отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT