Белгісіз біреу Минск-Алматы ұшағында бомба бар екенін хабарлады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайының электронды поштасына Минск-Алматы бағытындағы ұшақ бортына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, «жарылғыш зат» туралы ақпарат расталмады.

«Әуе кемесіне «бомба» қойылды деген ақпарат түсе салысымен, төтенше жағдай жоспары бойынша кешенді тексеру жүргізілді. Ақпарат расталмады. Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметінен.

Ұшақта 171 жолаушы және экипаждың 6 мүшесі болған.

Әуе көлігі Алматыға түнде келіп қонған.

Еске салайық, наурыз айының аяғында Алматыда бірнеше нысанға бомба қойылғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Оның ішінде Алматы әуежайы да бар. Салдарынан 6 рейс кейінге шегерілді.

Кейін полиция ақпараттың расталмағанын, нысандардан ешқандай бомба табылмағанын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар