Белгісіз біреу ҚТЖ ғимаратына бомба қойылғанын хабарлады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратына жарылғыш зат бар деген хабар келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы аталған ведомствоның БАҚ-пен байланыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті.

«Қазақстан темір жолының ғимаратына жарылғыш зат қойылған деген жасырын хабар келіп түсті. Ол туралы құзырлы органдарға хабарланды. Сондай-ақ, ғимарат ішіндегі қызметкерлер жедел эвакуацияланды»,- дейді Қайсар Жұмабайұлы.

Одан бөлек, ҚТЖ өкілі қосымша ақпарат үшін құзырлы органдарға хабарласу керектігін айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында жарылғыш зат туралы ақпаратқа байланысты сауда орталығынан адамдар эвакуацияланған еді.

Кейін Ішкі істер министрлгі жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама бірнеше қаладан келіп түскенін хабарлады.


Соңғы жаңалықтар