+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Белгілі журналистер Несіп Жүнісбаев пен Зейін Әліпбек «Ауыл» партиясына қабылданды

2020 жылғы 23 қыркүйек 12:44
Бөлісіңіз:
Белгілі журналистер Несіп Жүнісбаев пен Зейін Әліпбек «Ауыл» партиясына қабылданды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының қатары бірнеше белгілі азаматпен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл» партиясы мен Агроөнеркәсіптік кешені қауымдастықтарының альянсы меморандумға қол қойды 18 қарашада «Ауыл» партиясының кезектен тыс XVIII съезі өтеді Агроөнеркәсіп кешені ғана еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады - Бектаев

Айта кетсек елордадағы Ұлттық-академиялық кітапханада «Ауыл» партиясының саяси кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Отырыс барысында партияның «Ел аманаты» Жалпыұлттық сауалнамасын жүргізуі туралы мәселе қаралуда.

Саяси кеңестің жұмысын «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев ашып, бұл жобаның партия үшін маңызын атап өтті.

«Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнама жобасын бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған аса маңызды әлеуметтік және экономикалық проблемаларды анықтау мақсатында ұсындық. Сауалнама барысында анықталған барлық проблема партия үшін халықтың аманаты болады. Оның қорытындысы біздің алдағы жұмысымыздың бағдары болып, «Ауыл» партиясы бағдарламасының негізіне айналады. Респонденттерден алынған жауаптың бір де бірі назардан тыс қалмай, билік органдарына жеткізіледі», - деді Әли Бектаев отырыс барысында.

Сонымен бірге отырыс барысында партия қатарына жаңа азаматтар қабылданды. Атап айтқанда, белгілі журналистер Несіп Жүнісбаев пен Зейін Әліпбек, «Іскерлікке демеу» қоғамдық қорының басшысы Анас Баққожаев «Ауыл» партиясының қатарына өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT