+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Белгілі журналист, жазушы Бисұлтан Аманғалиев өмірден озды

2020 жылғы 6 тамыз 09:55
Бөлісіңіз:
Белгілі журналист, жазушы Бисұлтан Аманғалиев өмірден озды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Соғыс ардагері, ҚазТАГ қаламгері Бисұлтан Аманғалиев 95 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 21 жастағы жігіт квадроциклден құлап көз жұмды Бекшин алматылықтарды той жасамауға шақырды Алматыда дәрігерлер ер адамның кеңірдегінде тұрып қалған қыстырғышты шығарды

Ардагер, белгілі журналист, жазушы Бисұлтан Аманғалиев ҚазТАГ аударма кеңсесінде 1954 жылдан 1990 жылға дейін жұмыс істеді. Ол КСРО Журналистер одағының мүшесі. ҚазТАГ-қа дейін Бисұлтан Аманғалиев «Қазақстан пионері» және «Социалистік Қазақстан» газеттерінде қаламын ұштады. Еңбек жолын аудармашы болудан бастаған ол, аударма бөлімінің редакторы, бас редактордың орынбасары, республикалық, бүкілодақтық және шетелдік ақпарат редакциясын басқарды.

Ол ҚазТАГ-тың майталман маманы, еліміздегі білікті аудармашы ретінде арнайы алдырылып, КСРО Жоғарғы Кеңесі сессияларында стенографиялық ілеспе аударма жасау үшін бірнеше рет Мәскеуде де болған. Әсіресе, 1969 жылы Мәскеудегі Кремльдің Съездер сарайында ІІІ-Бүкілодақтық колхозшылар съезінде тікелей ілеспе аударма жасаған.

Бисұлтан Аманғалиев Украина, Польша, Чехословакия, Венгрияны азат етуге қатысты. Әскердің барлық үш саласында қызмет етті. Ол Қазақстанға 1945 жылдың қарашасында ғана оралды.

Бисұлтан Аманғалиев соғыс және бейбіт уақыттағы «Құрмет» орденімен, Халықтар достығы, Қызыл Жұлдыз, Жеңіс ордендерімен марапатталған. Ардагер қаламгер 1925 жылы 24 желтоқсанда қазіргі Батыс Қазақстан облысыны, Казталов ауданында дүниеге келген болатын.

«ҚазАқпарат» ұжымы Бисұлтан Аманғалиевтің туған-туыстарына көңіл айтады.

Бұған дейін, ҚазАқпарат арадагері Бисұлтан Аманғалиевтың өмірі туралы жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT