Белгілі журналист Смағұл Рахымбек өмірден озды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі журналист, жазушы Смағұл Рахымбек қайтыс болды. Жазушының жаназасы Астанада ертең өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы Мақат Садық Фейсбук парақшасында хабарлады.

«Ардагер журналист, жазушы, жақсы адам, әріптес, блогер Смағұл Рахымбек ағамыз ұзаққа созылған науқастан кейін қайтыс болды. Жаназасы 20 шілде күні сағат 11-де Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 38-үйде өтеді», - делінген жазбада.

Смағұл Рахымбек әр жылдары «ҚР Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ-ның бас редакторы, «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі болған. Ел өміріне қатысты елеулі ойларымен көптің есінде қалған Смағұл Рахымбек блогер ретінде де белгілі еді.

Соңғы жаңалықтар