Белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы эфирге қайта оралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы Алматы облысының «Жетісу» телеарнасында бағдарлама жүргізеді. Бұл туралы Гүлжан Қызайбай Фейсбуктағы парақшасында хабарлады.

«Қазақ журналистикасының ардагер журналисі Нұртілеу Иманғалиұлы эфирге қайта оралды! «Бай- қуатты болайық» Жетісу телеарнасынан əр жексенбі, 19:30-да қараңыз!», - деп жазды Гүлжан Қызайбай.

Нұртілеу Иманғалиұлы - белгілі тележурналист, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Өнер академиясының құрметті профессоры, Қазақстан Журналистер одағы мен «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері.

1952 жылы 1 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. 1977 жылы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып істеген. «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған.

«Жас жігер», «Көзқарас», «Алтыбақан», «Айна», «Заң мен заман», «Ақиқат пен аңыз», «Дидар», «Жастар дауысы», «Арай», «Көкпар», «Ой-көкпар», «Бетпе-бет», «Дін мен діл», «Арнайы репортаж», «Діңгек», «Қолтаңба» секілді хабарларды жүргізген.

Соңғы жаңалықтар