Белгілі тарихшы Зардыхан Қинаятұлы өмірден озды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ руханияты тағы бір орны толмас қазаға ұшырады. Белгілі тарихшы ғалым, қоғам қайраткері Зардыхан Қинаятұлы қарашаның 23-і күні өмірден өтті.

Зардыхан Қинаятұлы - саясаткер, қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор.  Өзінің саналы ғұмырын басшылық қызметтерге, ғылымға арнаған ғалым.

1940 жылы Моңғолияның Қобда аймағы Қобда сұмынында өмірге келген. Моңғолия мемлекеттік университеті мен Мәскеу қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1975-1987 жылдары аралығында Моңғолия Кәсіподағы Орталық комитетінің хатшысы қызметінде болды. 1990-1992 жылдары Моңғолия Үкіметінің Вице-Премьері орынбасары және Моңғолия Парламенті Төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Коммунистік жүйеден кейінгі Моңғолияның жаңа Конституциясын және сол елде жүргізілген саяси-экономикалық реформалардың құқықтық негізін жасаушылардың бірі.

Зардыхан Қинаятұлы 1994 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Өмірінің соңына дейін Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты институтындағы ғылыми қызметте болды.  Ғалым  «Жылаған жылдар шежіресі», «Моңғолиядағы қазақтар», «Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түрік тайпалары», «Көшпенділік ғұмыр» және т.б көптеген тарихи кітаптар жазып, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосты.

Соңғы жаңалықтар