Белгілі суретші Сабыр Мәмбеев Алакөл жағасында оқыстан көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алакөл жағасында белгілі суретші Сабыр Мәмбеев оқыстан көз жұмды. Қайғылы оқиға Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы «Аквамарин» демалыс орнында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Демалыс орнына белгілі суретші отбасымен келген.

Оқиғаны көргендердің айтуынша, қария бассейнде тұншығып, бата бастаған. Осы сәтте жағажайдағылар медицина қызметкерлерін көмекке шақырған.

«Біз ол кісіні алып шықтық. Жүрегіне тікелей массаж жасап, жасанды дем бере бастадық. Ол кісі өз-өзіне келген кезде дәрігер келіп, қан қысымын өлшей бастады. Демалып жатқандардың бірі жедел жәрдем шақырды. Бірнеше минуттан соң ер адам қайтыс болды», - деді куәгерлердің бірі.

Ақши дәрігерлік амбулаториясының мамандарының айтуынша,  89 жастағы суретші Сабыр Мәмбеевтің өлімі қолқаның тарылуынан болған.

Белгілі кескіндемеші Сабыр Әбдірәсілұлы Мәмбеев 1928 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абайбазар ауылында дүниеге келген.

1963 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1979 жылы Қазақстан халық суретшісі атағын алған. 1946 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1953 жылы Санкт-Петербургтегі Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (А.Ефимов пен А.И. Авилов шеберханасынан) бітірген.

Соңғы жаңалықтар