Белгілі режиссер Айсұлтан Сейітов Алматы туралы ролик түсірмек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Белгілі қазақстандық режиссер, клипмейкер Айсұлтан Сейітов Алматының туристік әлеуеті туралы имидждік ролик түсірмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық туризм басқармасы басшысының орынбасары Қалибек Ақылбеков қала туралы «Ең үздік видеошолу» байқауы ұйымдастырылатынын айтты.

«Биыл белгілі қазақстандық клипмейкер, режиссер Айсұлтан Сейітовпен Алматы мен Алматы агломерациясындағы Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры ғимараты, кинотеатр Арман, Көк Базар, Панфилов көшесі, облыстағы – Шарын шатқалы, Алтын Емел, Көлсай көлдері, Қайыңды туралы имидждік видеоролик түсіруді жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Одан бөлек Алматының танымалдылығын арттыру үшін әуежайлар мен метростансаларда, халықаралық (Санкт-Петербор, Киев, Ташкент, Баку) жолаушы пойыздарының сыртында қала туралы баннер ұйымдастырылады.

Шетелдік белгілі сайттар мен БАҚ беттерінде, әлеуметтік желіде қала туралы фото, видео ақпарат жарияланады.


Соңғы жаңалықтар