Белгілі промоутер Головкиннің келесі қарсыласын атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Промоутерлік компанияның басшысы Боб Арум WBA Regular нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Роб Брант келесі жекпе-жегін қазақстандық Геннадий Головкинмен өткізуі мүмкіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мурата меніңше, Брантпен батыл айқасты. Оған лайықты құрмет білдіруіміз керек, тек Роб мықтырақ болып шықты. Жекпе-жек есебі шындықтан алыстау болды, бірақ Бранттың жеңіске жеткені көрініп тұрды. Бранттың командасымен келіссөздер өткіземін. Алдағы уақытта Бантқа да, Муратаға да ненің жақсы болатынын шешеміз. Келешектегі жоспарлар жайылы оның адамдарымен сөйлесу қажет. Бұл, Муратамен реванш болар, мүмкін бізді алда Брант пен Головкиннің айқасы күтіп тұрған шығар», - деп келтіреді Арумның сөзін Boxingnews24.

Еске салайық, өткен демалыс күндері Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) жапон боксшысы Риота Мурата (14-1, 11 КО) мен американдық Роб Бранттың (23-1, 16 КО) жекпе-жегі өтті. Төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіс Брантқа берілді. Осылайша, Мурата WBA Regular тұжырымы бойынша орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы титулын қорғай алмай қалды.

Жапондық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) келесі қарсыласы ретінде қарастырылып келген еді.

 

Соңғы жаңалықтар